Алматыда 19 жастағы ана дүниеге әкелген сәбиін перзентханада қалдырып кеткені хабарланды. Арадан 20 күн өтсе де, баланы іздеп келген ешкім жоқ. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Кyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта нәресте ауруханада медициналық тексеруден өтіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде.
Мамандар баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрі қарай оны қамқорлыққа алу мәселесін қарастырып жатыр.



