Әлеумет және қоғам

Алматыда 7-сынып оқушысының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жекеменшік мектеп оқушысының қаза болуына байланысты іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушыға оқу үлгерімі мен бағаларға байланысты қысым әсер етуі мүмкін.

Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде оқитын 7-сынып оқушысының қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп хабарлады.

Полиция аталған оқиғаны «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеп жатыр. Astana TV телеарнасының 2026 жылғы 17 наурыздағы мәліметіне сәйкес, алдын ала болжамда қайғылы жағдайға оқудағы қиындықтар мен бағаларға байланысты қысым себеп болуы мүмкін.

Мектеп әкімшілігі оқиға оқу орнының аумағынан тыс жерде болғанын мәлімдеді.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс тіркеп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button