Жаңалықтар

Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған күдікті бұған дейін де істі болған

Фото: ашық дереккөз

Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған ер адам бұған дейін де істі болған. Былтыр автобуста жанжал шығарып, жолаушы әйелді ұрған. Сот оны бір жылға бас бостандығын шектеген, деп жазды qandastar.kz

Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растап отыр. Айта кетейік, әуежайдағы оқиға бүгін түске таяу ішкі рейстер терминалында болды.  Оқыс оқиға сағат 12:00 шамасында болды.

Пышақ ұстаған ер адам тәртіпке бағынбай, құжат сұраған әуежай қызметеріне пышақ кезеніп, қорқытады. Жанжал болған сәтте дереу полиция қызмткерлері жетеді. Бірақ күдікті оларға бағынбайды. Осы жағдайды бақылаған қала тұрғыны 52 жастағы Мұса Әбдірайым бүлікшіні мәмілеге шақырады.

Қыздың орнына кепілге өзін алуды айтады. Өміріне қауіп төнгеніне қарамастан батылдық танытып, ер кісінің қолынан пышақты тартып алады. Мұса Әбдірайым, Алматы қаласының тұрғыны: — Өзімнің қыз баласының алдындағы парызым деп есептедім. Қыз баланың шырылдаған дауысын естігенде жан түршігіп, қалай да сол қызды шетке алу мақсат болды.

Басқа ешқандай ой болған жоқ. Оқиғаға қатысты ер адамның үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Суық қаруды қолдана отырып жасалған бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Руслан Қозыбақов, Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы:

— Алматы қаласы Көліктегі ПД қалалық әуежайдың Жергіліті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Уақытша ұстау изоляторына қылмыскер әшереленді. Белгілі болғандай қылмысқа қарсы келген  Мұса Әбдірайым Алматыда пәтер жалдап тұрады екен. Көпбалалы әке жеке шаруамен айналысады. Ал кепілге алынған әуежай қызметкері дін аман.

Оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Әуежайдың қауіпсіздік қызметі оқиға ұшу алдындағы тексеру аймағына дейін болғанын алға тартады. Сондықтан бүлікшінің пышақты қалай алып кіргендігінен бейхабар.

Виктор Голубев, әуежайдың Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы: — Авиациялық қауіпсіздік қызметінің мақсаты — қару асынған қауіпті жолаушыларды  бақылау аймағы мен әуе бортына  жолатпау. Осындай оқиға болған кезде әрекет етудің алгоритмі бар. Қызметкерлеріміз сол ережені ұстанды.

Әуежайда бүлік шығарған 67 жастағы ер адам бұған дейін де бұзақылық жасаған. Бұны қалалық полиция департаменті растап отыр. Ол өткен жылы қараша айында қаладағы қоғамдық көлікте әйелмен  ұрысып, қол жұмсайды. Сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close