Жаңалықтар

Алматыда бейбіт жиындар өтетін орындардың тізімі қысқартылмақ

Фото: turkystan.kz

Алматыда бейбіт жиындар өтетін орындардың тізімі қысқартылмақ, , – деп хабарлайды qandastar.kz.

Құжат бойынша «СарыАрқа» кинотеатрының артындағы саябақты ғана қалдыру ұсынылып, Шоқан Уәлиханов атындағы саябақ пен Махатма Ганди саябағын басқа орынға – Абылай хан көшесі бойындағы Амангелді Иманов атындағы саябаққа ауыстыру ұсынылып отыр.

Бұл ретте кинотеатрдың артындағы саябақта митингке қатысушылардың рұқсат етілген саны 500-ден 1000 адамға дейін артады. Ал Амангелді Иманов атындағы саябақта бейбіт жиындарға қатысушылардың рұқсат етілген саны 500 адамнан аспайтын болады.

Сондай-ақ, әкімдік бейбіт шерулердің бағытын өзгертуді қалайды. Шевченко көшесі бойындағы маршрутты Жамбыл, Гагарин даңғылынан Мұқанова көшесіне дейін бекіту ортаға салынады. Ол кептелісті айналып өтуде көмек делінген ақпаратта.

Құжатты талқылау 27 шілдеге дейін жалғасады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close