Жаңалықтар

Алматыда бойжеткенді ұрып, зорлап, ауласына әкеліп тастаған

Фото: ашық дереккөз

Бойжеткен жұмысынан шыққаннан кейін үйіне оралмаған, деп жазды qandastar.kz

Немолчи.kz мәліметінше, алаңдаған жақындары полицияға барған. Сол кезде бойжеткеннің сіңілісі үйде болған. Ауладағы дыбысты естіп, сыртқа шыққанда жерде жатқан әпкесін көрген. Әпкесінің үсті-басы лас, шашы ұйпа-тұйпа болған. Соққыға жығылған. Сіңілісі оны бірден душқа кіргізген.

Бойжеткеннің айтуынша таныс жігіт оған кола ұсынған. Бір-екі ұрттағаннан кейін есін жоғалтқан. Қыздың туыстары оны бір жігіт емес, бірнеше жігіт зорлаған болуы мүмкін дейді. Күдіктілер жазадан құтылып кете ме деп те қорқады. Себебі әлі сараптама жасалмаған, киімінен биоматериал алынбаған.

НеМолчиKZ қоры қызды кешкі сағат сегізден түнгі екіге дейін ұстап, ұрып-соғып, зорлағанын айтады. Соған қарамастан құқық қорғау органында Думан есімді жедел уәкіл бойжеткенді бетпе-бет жүздестіруге әкелуді талап еткен.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close