Жаңалықтар

Алматыда бопсалаумен айналысқан блогерлер ұсталды

Фото: видеодан скрин

Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды, деп жазды qandastar.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады.

«Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды», – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close