БілімЖаңалықтар

Алматыда дауға іліккен аралас мектеп қазақ тілінде ашылды

Алматыда қоғам назарын аударған №224 мектеп ресми түрде қазақ тілінде білім беретін оқу орны ретінде жұмысын бастады, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл жаңалықты қоғам белсенділері әлеуметтік желіде растады. Айта кетейік, аталмыш мектеп төңірегіндегі дау соңғы үш апта бойы толастаған жоқ. Ақыры мектеп 3 қараша күні өз есігін ашты.

Бұған дейін тұрғындар бірнеше мәрте жиналыс өткізіп, әкімдікке, тіпті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін үндеу жолдаған еді.

«Біздің басты талабымыз – мектептің таза қазақ тілінде болуы. Конституциялық құқығымыз бұзылмасын, балаларымыз ана тілінде білім алсын. Қазақ тілін үйреніп жүрмін, егер ортам қазақтілді болса, жетістігім бұдан да жоғары болар еді деп сенемін», — деген тұрғындар.

Қала тұрғындарының айтуынша, жаңа мектеп орналасқан шағынауданда бірде-бір таза қазақтілді мектеп болмаған. Сол себепті №224 мектептің қазақ тілінде ашылуы — жергілікті ата-аналар үшін маңызды әлеуметтік мәселенің шешімі болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button