Жаңалықтар

Алматыда ер адам автобуста қарт жолаушыны ұрып тастады: полиция тексеру жүргізіп жатыр

Алматыда ер адам мас күйде болған қарт жолаушыны автобуста соққыға жықты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Куәгерлердің айтуынша, төбелес аялдамада да жалғасқан. Оқиғаның мән-жайы даулы. Ер адамның әйелі журналистерге олардың автобуста күйеуінің қарындасымен бірге келе жатқанын айтқан. Сол кезде мас қарт жолаушы балаға тиісе бастаған. Бұған ашуланған ер адам оны ұрып жіберген. Алматы полициясы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталғанын растады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жәбірленушінің қайда екені анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады ПД.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close