Жаңалықтар

Алматыда ер адам балаларды лифтте соққыға жықты

Фото: Видеодан скрин

Ер адамның балаға күш көрсетіп жатқан видеосы «Не молчи» Instagram парақшасында жарияланды. Оқиға 23 шілде күні сағат 16:36 шамасында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Ол жан-жағында адамның жоқ екеніне көз жеткізіп, шімірікпестен 10 жастағы балаларды ұрып, тепкілеп жатыр», – делінген желідегі жазбада.

Парақша жазбаның астына Алматы қаласының полициясын белгілеп, болған жағдайға пікір білдіруін сұрады.

«Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ер адамның кім екенін анықтап, бөлімшеге жеткізді», – деді полиция департаменті Tenginews.kz-ке берген жауабында.

Ведомство ер адамның бұл әрекетіне құқықтық баға берілгенін мәлімдеді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close