
Биыл қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бірлескен әрекеттердің нәтижесінде Алматы қаласында 8 кг синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.
Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.



