Жаңалықтар

Алматыда ескі үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге көшіріліп жатыр

Алматыда тозығы жеткен тұрғын үйлерден тұрғындарды жайлы пәтерлерге көшіру жалғасуда. Бұған дейін 280 адам көшірілсе, жыл соңына дейін тағы 2180 адамды қоныстандыру жоспарлануда,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Жаңарту бағдарламасы аясында адамдардың өміріне қауіп төндіретін жарамсыз әрі тозығы жеткен үйлер бұзылады. Олардың орнында спорт алаңдары, паркинг және маңызды әлеуметтік нысандары бар заманауи тұрғын үй кешендері салынуда. Бағдарламаның шартына сәйкес, ескі тұрғын үй иелері жаңа үйден бірдей пәтер алады. 

Сонымен қатар жаңа пәтер орта есеппен 10 шаршы метрге көп. Жаңа пәтер иелеріне қосымша шаршы метр үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Пәтерлер таза әрлеумен беріледі. Үйлерге интернет тартылды, өртке қарсы дабыл орнатылды, сантехника мен фаянс, газ немесе электр плитасы қарастырылған.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close