Жаңалықтар

Алматыда интернет-алаяқтар жұмыс істеген Call-орталық жойылды

Фото: ашық дереккөз

Алматы полицейлері сall-орталықты жойып, 24 күдіктіні ұстады. Олардың бесеуі шетелдік азаматтар, деп жазды qandastar.kz

Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан.

Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close