Жаңалықтар
Алматыда кәсіпкер LEGO брендінің атын жамылып, балаларға қауіпті ойыншық сатқан
- Фото: gov.kz
Алматыда кәсіпкер «LEGO» тауар белгісін заңсыз пайдаланып, контрафактілік өнім сатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Lego Juris A/S» компаниясы өкілінің өтініші бойынша Алматыдағы көтерме сауда базарларының біріндегі кәсіпкердің дүкенінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында кәсіпкердің балаларға арналған ойыншықтарда «LEGO» тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны анықталды.
«Нәтижесінде 4 миллион теңгеден астам сомаға 3 145 контрафактілік өнім тәркіленді. Бұл ойыншықтар зияткерлік меншік құқығын бұзып қана қоймай, балалардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Контрафактілік ойыншықтарда қауіпті химиялық заттардың болуы және сапасыз материалдардан жасалуы мүмкіндігі зор. Бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ауыр зардаптар әкелуі мүмкін», — делінген әділет министрлігінің хабарламасында.
Қазір кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүргізу шаралары қабылдануда. Істің материалдары күдіктіні одан әрі жауапқа тарту үшін сотқа жіберіледі