Жаңалықтар

Алматыда ҚазҰУ студенті өз-өзіне қол жұмсады

Фото: gov.kz

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің екінші курс студенті өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Дереккөздің мәліметтеріне  сүйенсек, ол Биология және биотехнология факультеті «Нейроғылым» мамандығында оқып жүрген. Қарағандыдан Алматыға келген студент №14 жатақханада тұрған. Алдын ала жиналған мәлімет бойынша, студент кеше жоғалып кеткен. Артынша оның жансыз денесін таудан тапқан.

Айта кету керек, жергілікті полиция қылмыстық іс қозғады. Құзырлы орган оқиғаның себебін отбасылық жағдайлармен байланыстыруда.

Back to top button