Алматыда бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнынан алты адамды, оның ішінде бес баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Өрт Тұрғыт Озал көшесінде орналасқан көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен тұтанған. Төтенше жағдайлар қызметінің алғашқы бөлімшелері келген кезде ғимараттың кіреберісін қою түтін басқан.
Құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, өртті сөндіру барысында баспалдақ арқылы алты адамды сыртқа шығарды. Олардың бесеуі – балалар.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.



