Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыда қылмыс әлемінің «беделдісі» ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда қылмыс әлеміне қатысы бар ер адамды ұстады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«2 ақпанда Алматы қаласында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Т» қылмыстық ортаның өкілін ұстады», — делінен мәлімдемеде.

Ол аса ірі көлемде қорқытып алушылық жасады деген күдікке ілінді.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы іс аясында қаңтарда Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button