Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыда қылмысты жасырған полицияның бұрынғы тергеушісі сотталды

Арнайы прокурорлар Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Бас прокуратураға сілтеме жасап.

«Тергеу барысында тергеуші 14 қылмыстың жасалғаны туралы мәліметтер қолында бола отырып, оларды тіркеуді қасақана жасырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғаны анықталды», — делінген мәлімдемеде.

Тергеу барысында айыпталушының құқыққа қарсы әрекеті расталды.

Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Сондай-ақ «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button