Жаңалықтар
Алматыда марафонның екі қатысушысы көз жұмды

Фото: Pixabay.com
20 сәуірде Almaty Half Marathon-да 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади көз жұмды. Екеуі де жартылай марафонда (21,1 шақырым) жүгіріп өтті. Олар Алматыдағы жарыстардың тұрақты қатысушылары еді, деп жазды qandastar.kz. stan.jz-ке сілтеме жасап
Жартылай марафон таңертең Тұңғыш президент саябағынан Орталық стадионға дейінгі бағыт бойынша өтті. Ұйымдастырушылар ережеге сай әрекет етіп, медициналық қызмет, төтенше жағдайлар қызметі және полиция болғанын айтады.
Аққоян Рсалиев 2021 жылдан бері жарыстарға тұрақты түрде қатысып келеді. Бұған дейін Алматы жартылай марафоны мен Алматы марафонында 21,1 шақырым және 10 шақырым қашықтықты сәтті бағындырған.
20 сәуірде жартылай марафон кезінде Әл-Фараби даңғылындағы қашықтықтың бірінші шақырымында ер адам кенеттен өзін нашар сезінді. Бір минуттан кейін оған жедел жәрдем келген, бірақ жүрек соғысы болған жоқ.
«Сағат 08:15-те полиция қызметкерлері қатысушының құлап қалғанын хабарлады. Бір минут ішінде жедел жәрдем келді. Хаттамаға сәйкес реанимациялық шаралар жүргізілді. Алдын ала қорытынды бойынша артерияның тромбоэмболиясы диагнозы қойылды. Созылмалы артериялық гипертензия болған», – деді бригада дәрігері Әлібек Қожаназаров.
Марафонның екінші қатысушысы Нұрбол Ахмади бұған дейін 2025 жылғы қысқы жүгіруде 10 шақырымдық жарысқа қатысып, Астана мен Алматыдағы жартылай марафонға, сондай-ақ Алматыдағы марафонға тіркелген.
20 сәуірде Алматыда 16 шақырымдық жартылай марафон кезінде ол есінен танып қалды.
«Сағат 09:18-де келген кезде ұйқы артериясында пульс жоқ, тыныс алмайды, қан қысымы нөл болды. Реанимациялық шаралар хаттама бойынша жүргізілді. Сәтсіз. Өлім 103 бригадасы келгенге дейін болған. Алдын ала диагноз – жедел жүрек жеткіліксіздігі», – деп түсіндірді дәрігер.
Дәрігерлердің айтуынша, қатысушылардың өлімінің себебі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша белгілі болады.
«Смелость быть первым» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаеваның айтуынша, қатысушылардың қауіпсіздігі бірінші орында.
«Жарысқа тіркелу кезінде барлық қатысушы спорттық іс-шараға қатысуға физикалық дайын екенін және өз денсаулығына толық жауапты екені туралы қолхатқа қол қояды, бұл – мұндай марафондарды өткізуде әлемде қабылданған тәжірибе. Алматы марафонына қатысушылар үшін жыл бойына біз тұрақты түрде тегін ашық жаттығулар мен сарапшылармен дәрістер өткізіп тұрамыз», – деп қосты Салтанат Қазыбаева.
Айта кетейік, бұған дейін Марафонда жүлделі орынға ие болған72 жастағы қарияның биі желіде талқыға түскен еді.