Жаңалықтар

Алматыда мас қыз 9-қабаттан құлап кетті

Алматы тұрғын үйдің бірінен жас қыз құлап кетті, деп хабарлайды Qandastar.kz. Куәгерлердің айтуынша, 18 жастағы қыз көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған.

“Райымбек” тұрғын үй кешенінде орын алған оқиғаның анық-қанығы анықталуда. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға алдында ол құрбысымен бірге арақ ішкен. Құлаған сәтте қыздың үстінде тек іш киім ғана болған. Құлағаннан кейін ол тірі қалған, бірақ қатты ауырсынудан айғайлаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция келген. Дәрігерлер жарақат алған қызды ауруханаға жеткізсе, полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Өз-өзіне қол жұмсауға оқталу фактісі бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мотиві мен мән-жайлары анықталуда, – деді Алматы қалалық полиция департаменті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button