Әлеумет және қоғам

Алматыда мектептегі тамақтану құнын көтеру ұсынылды

Алматы мектептерінде тамақтану құнын арттыру ұсынылды. Мамандар қазіргі бөлінетін қаражат сапа мен қауіпсіздік талаптарын толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз екенін айтады.

Алматыда мемлекеттік мектептердегі оқушыларды тамақтандыру құнын арттыру ұсынылды. Бұл туралы Qandastar.kz тілшісі 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі таңда бастауыш сыныптағы бір оқушыға күніне 700 теңгеге де жетпейтін қаражат қарастырылған. Мамандардың айтуынша, бұл сома жалақы мен коммуналдық төлемдерді қоспағанда, тек азық-түлік шығындарын өтеуге ғана жетеді.

Сонымен қатар жаңа талаптарға сәйкес, жеткізушілер мәзірді, порция көлемін және логистиканы қайта қарауы тиіс. Бұл тағам сапасы мен қауіпсіздік нормаларын толық сақтау үшін қажет.

Аталған мәселе мәслихат депутаттары, білім басқармасы өкілдері, ата-аналар қауымдастығы мен сала мамандары қатысқан ведомствоаралық топтың мектеп асханаларын тексеруі барысында көтерілген.

Ата-аналар комитетінің мүшесі Альмира Орлова мәзір №16 бұйрық талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай әзірленгенін атап өтті. Оның айтуынша, тағам қауіпсіздігін сақтау үшін пластик емес, шыны ыдыстар қолданылған.

Ал Алматы қалалық мектеп тамақтануы қауымдастығының президенті Гүлнәр Мамаева дайын астың тасымалдануы мен қайта жылытылуы кезінде температуралық режим сақталмаса, улану қаупі артатынын ескертті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button