Бүгін Алматы қаласында қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аясында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарына сәйкес Бокаев Санжар ұсталды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Бокаев С. әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында кей тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды жариялаған.
Сондай-ақ, ол аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған деген күдік бар. Бокаев С. табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.
Одан бөлек, аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдік те бар.
Қалған ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.



