Жаңалықтар

Алматыда шатырдан құлап, қаза тапқан екі оқушыға қатысты тың дерек айтылды

Видеодан алынған кадр

Қарағандының орталық саябағында орналасқан «Вертолет» аттракционында кабинка құлап, 25 жастағы әйел мен 2 жастағы қыз баланың миы шайқалып, жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Патриот Telegram каналына сілтеме жасап.

Оқиға орнында болған «Жедел жәрдем» дәрігерлері әйел мен оның кішкентай баласының ми шайқалу жарақаттарын алғанын мәлімдеді.

«Бұл алдын ала қойылған диагноз. Әйел 1999 жылы туған, ал бүлдіршін 2022 жылы дүниеге келген. Екеуін де ауруханаға жеткіземіз», – деп хабарлады медицина қызметкерлері оқиға орнында.

Оқиға орнына аттракцион иесі де келді. Ол маусым басталмас бұрын, яғни мамыр айында «Вертолет» аттракционы техникалық тексерістен өткенін айтты.

«Бізге рұқсат берілді, аттракцион қауіпсіздік талаптарына толық сай келді. Рұқсатты лицензияланған компания берді. Құжаттарымыздың барлығы заңды», – деді аттракцион иесі оқиға орнында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close