Анна Муленкова есімді Facebook қолданушысы шетелдік студенттің 17 жастағы мүгедек қызына тиіскені туралы жазып, халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Айтуынша, оқиға қала орталығында болған.
Қызы кешкі уақытта емтиханнан қайтып келе жатқан.
«Ол ешқашан ешкімге зиян келтірген емес. Енді маған қысым көрсетіліп жатыр», — деп жазды әйел.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Департамент мәліметінше, арыз тіркелді.
«Алматы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына белгісіз ер адамның тиісуі мүмкін екендігі туралы шағымы Алмалы аудандық полиция бөліміне тіркелгенін хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ер адамды анықтап, ұстады.
Тергеу нәтижелері мен процессуалдық шешімдер негізінде заңнамалық талаптарға сәйкес құқықтық бағалау жүргізіледі», — делінген мәлімдемеде.



