Жаңалықтар

Алматыда такси жүргізушісі Үндістаннан келген блогерді алдаған

Фото: ашық дереккөз

Алматыда шетелдік туристі алдағаны үшін такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция 27 жастағы ер адамды ұстады. Ол Үндістаннан келген туриске жол ақысын алдымен мың теңге деп алдап, кейін 77 мың теңге беруін талап еткен.

«Тексеру барысында ер адамның тиісті құжаттарсыз жеке тасымалдаумен айналысқаны, өз қызметтерін азаматтардың мазасын ала отыра ұсынғандығы, сондай-ақ оны ұстау кезінде полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағандығы анықталды», – деп хабарлады полиция .

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close