Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыда танымал заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды

Журналист Әлібек Шынтемір өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыда танымал заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғаны жайлы жазды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Әділетке әділет керек болып тұр…

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты 3 адамның өмірін жалмады. Қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, түрлі болжамдар айтылуда. Темір тұлпармен кетіп, табытпен оралған марқұмдардың туыстары бұл жол апатына жоғары лауазымды шенділердің қатысы бар деп топшылап, әділ тергеуді талап етуде. Ал сол төңіректе бірнеше маңызды мәлімдеме жасап, кінәлі шенділерді заң аясында жазалау керек деп видео жүктеген заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынды.

Әзірге полиция ресми мәлімдеме жасамады», — деп жазды ол.

Қалалық полиция мән-жайды түсіндірді.

Полиция заңгерге қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button