Жаңалықтар

Алматыда таулы марафон кезінде 70 жастағы спортшы көз жұмды

Алматы маңындағы Іле Алатауында өткен Salomon Trail жарысында 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов қайтыс болды, деп хабарлады qandastar.kz.

Оқиға жарыс басталғаннан кейін бірден болған. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Владимир Кривенцовқа жедел көмек көрсетіліп, оны «Медеу» кешеніндегі құтқару бөлімшесіне жеткізген, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Кривенцов – бұрынғы КСРО-ның спорт шебері, Қазақстан чемпионы, полиатлон мен президенттік көпсайыс бойынша бірнеше дүркін жүлдегер болған. Ол бұған дейін де көптеген жарыстарға тұрақты қатысып келген.

Айта кетейік, жарысқа дейін спортшы медициналық тексеруден өтіп, қарсы көрсетілім болмағаны хабарланды.

Back to top button