Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыда телефонға алаңдаймын деп жас қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамалды (ВИДЕО)

Қалалық полиция әлеуметтік желіде резонанс тудырған оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Күні кеше сағат 10:54-те Алматы қаласының Алмалы ауданында Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 18 жастағы қызды қағып кеткен. Ол жолдан өтуге арналған белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан», — дейді департаменттегілер.

Қыз ауруханаға жеткізілді.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Автобус жүргізушісі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Әсіресе жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушінің жолда ұялы телефонға алаңдауы – мүлде жол беруге болмайтын әрекет. Әр жүргізуші жолда барынша мұқият болуы тиіс, өйткені оның назарында – адамдардың өмірі. Алматы қаласы полициясы қоғамдық көлік және жеке автокөлік жүргізушілерін тағы да жолда сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырады», — деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button