Жаңалықтар
Алматыда тұрғын үйде жарылыс болып, ер адам қаза тапты

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде болған жарылыстың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты алғашқы деректермен бөлісті.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа газ-ауа қоспасының тұтануы себеп болған. 1980 жылы салынған үй жарылыстан қатты зақымданып, кей бөліктері қираған. Құтқарушылар үйінді астынан 1949 жылы туған ер адамның мәйітін тапты. Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын арнайы құрылған тергеу тобы анықтап жатыр.
Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары, ТЖД, кинологиялық қызметтер, ТЖМ-нің Республикалық жедел-құтқару жасағы, 109 қалалық құтқару қызметі, апаттар медицинасы орталығы және өзге де өзара әрекеттесу қызметтері жұмылдырылған.
«Оқиғаның себептері мен мән-жайын жедел-тергеу тобы анықтап жатыр», – деп қосты департамент өкілдері.