Жаңалықтар
Алматыда Ұлттық қауіпсіздік академиясының курсанты жоғары қабаттан құлап, қаза тапты
Фото: pixabay.com
Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты мерт болды. Полиция бұл ақпаратты растады. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.
Деректерге сенсек, Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлаған.
Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Марқұм – 19 жас шамасында.
«Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталу үстінде», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың 21 қыркүйегінде Алматыда Бостандық ауданында оқушы қыз қаза тапты. Ол тұрғын үй кешендерінің бірінің 13-қабатындағы балконнанқұлаған.