Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Фото:istockphoto.com

Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, – деп жазды qandastar.kz

4 қаңтар күні Астана уақытымен 12:05-те Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.

«2025 жылдың 4 қаңтарында Астана уақыты бойынша 12 сағат 05 минут 55 секундта сейсмикалық стансалар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің қуаты мен зардабы туралы қосымша ақпарат жарияланбады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close