Жаңалықтар

Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатылуы мүмкін

Фото: Shutterstock nuotr.

Ресей депутаттары Жириновскийге ескерткіш орнатпақ, деп qandastar.kz  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

ТАСС-тың хабарлауынша, ЛДПР негізін қалаушы Владимир Жириновскийге ескерткіштер 2026 жылы бірнеше қалада, соның ішінде Алматыда ашылуы мүмкін. Бұл жұмыстар саясаткердің туғанына 80 жыл толуын мерекелеу аясында жасалмақ.

2026 жылдың наурыз–сәуір айларында Мордовия Республикасының Саранск қаласында Жириновскийге арналған ескерткіштер мен өзге де мемориалды объектілер ашылады. Сондай-ақ саясаткердің туған жері – Алматыда (Қазақстан) еске алу шарасын өткізу және ескерткіш ашу жоспарланған, — деп жазды басылым.

Еске сала кетейік, Владимир Жириновский Қазақстан туралы бірнеше рет даулы және арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер жасаған. Ол өз сөздерінде Қазақстанның аумақтық тұтастығына күмән келтіретін пікірлер айтып, елдің тәуелсіздігіне қатысты жағымсыз риторика ұстанған.

Жириновский 2022 жылдың 6 сәуірінде 75 жасында қайтыс болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close