
Фото: Видеодан скриншот
Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрлардан жүк көлігінің жолдың опырылып кеткен тұсына жартылай түскенін байқауға болады, деп жазады qandastar.kz.
Оқиға Алматы облысы Іле ауданындағы Боралдай ауылына қарасты «Водник-3» шағын ауданында болған.
Ойыққа айналған аумақ қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр.