Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Тұрғыт Озал көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында шыққан өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеп мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер подъезде қою түтіннің болғанын анықтаған. Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялап, өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жүргізді.
Өртті жоюға газ-түтіннен қорғау қызметінің бірнеше тобы жұмылдырылды. Жедел атқарылған іс-қимылдың нәтижесінде тілсіз жау толықтай ауыздықталды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.



