Жаңалықтар
Алматыдағы Мұз сарайынан өрт шықты: 3 бала ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөз
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарымен барлау және өртті сөндіру барысында құтқару қалпақтарының көмегімен төрт кәмелетке толмаған бала құтқарылды.
Өрт сөндірушілер Алматы қаласының Мұз сарайындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарьдің өртенуі орын алды.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып кеткен.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарымен барлау және өртті сөндіру барысында құтқару қалпақтарының көмегімен төрт кәмелетке толмаған бала құтқарылды.
Үлкен өрт жүктемесіне қарамастан, өрт сөндірушілер өрттің іргелес орын-жайларға таралуына жол бермей оны 40 шаршы метр аумақта сөндірді.
Оқиға орнында ТЖД психологы 1 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті және 3 баланы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ауруханаға жеткізді.
Өрттің себебін анықтау үшін өрт орнында сынақ өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде.