Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінің тұрғындары көпқабатты үйлерге жиі келетін нашақорлардан қорқып, полиция қызметкерлерінің қорғауын сұрайды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Тұрғындардың айтуынша, жақын маңдағы жеке тұрғын үйдің ер адамдары ғимарат ішінде улы заттарды қолданып, пышақпен төбелескен жағдайлар кездеседі екен. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіргендіктен полициядан араша сұрайды.
6 қараша күні болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция екі адамды ұстағанымен, үшінші күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазір тұрғындар полициядан тұрақты бақылау орнатуды, сондай-ақ бейнебақылау жүйесін күшейтуді және күзет қызметін ұйымдастыруды талап етуде.



