Жаңалықтар

Алматыдағы университетте сұмдық жағдай: Студент мұғалімді пышақтады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Алматы қаласында ALT University студенттің университет оқытушысына пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәліметке сәйкес, студент оқытушыны жазғы семестрге қалдырғаннан кейін, шабуылды дәретханада жасаған. Әлеуметтік желілерде күдіктінің ұсталған сәті түсірілген видео да жарияланды. Оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге нақтыланған жоқ.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі растады.

Аталған факті бойынша Алмалы ауданы Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті “ізін суытпай” ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда істің өзге де мән-жайлары анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button