Жаңалықтар
Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды

Фото: ашық дереккөз
31 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 12.25-те Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі мәлімдеді.
Зілзаланың эпицентрі Алматыдан 178 шақырым оңтүстік-батысқа қарай және Бішкектен 51 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісінің дүмпулері сезілмеген.