Жаңалықтар
Алматылық әйел күйеуін туған қызын зорлады деп айыптады

Фото: ашық дереккөз
Алматылық 42 жастағы азаматты әйелі туған қызын зорлады деп айыптады, деп хабарлайды qandastar.kz.
Бұл оқиға туралы тележүргізуші Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасына
Жүрегім тілініп, екі көзім төрт болып шықтым. Толық шығарылымды таяу күндері youtube арнама жүктеймін. Ұл-қыздарымызға өте абай болайықшы!», — деп жазды журналист.
Ал қыздың анасы күйеуінің бұлай азғындық істеуіне әріптесінің кеңесі әсер етеуі мүмкін екенін айтып отыр.
«Туған әкесі туған қызын бір жылдан аса зорлап келген. Аптасына шамамен бір реттен болып келген, үйде болған. Ол кезде мен жұмыста болғанмын. Естіген кезде сенер сенбесімді білмей өзім де шокта болдым. Бір жерде жұмыс істеген. Сол жердегі бір орыс кісі қызыңды тұрмысқа бермей тұрып, өзің қыздығын алуың керек деп айтыпты», — дейді қыздың анасы.
Осы оқиғаға қатысты күдікке ілінген азаматтың ата-анасы болса, перзентін жақтап отыр.
«Қайырлы кеш, ардақты ағайын. Дәл қазір мен өзінің туған қызын зорлады деп күдікке ілінген ер азаматтың ата-анасы және туған әпкесімен сұхбаттасып келе жатырмын. Біздің кішкентай немереміз сырттан, көшеден бүлінген дейді. Бүлінгеннен кейін шешесі мен немерем дәл осылай ұлыма жала жауып отыр деп жатыр. Білмеймін енді, ішпейді, шекпейді және тұрақты жұмысы бар. Ең бастысы, ақыл-есі дұрыс, сау адам дәл осындай азғындыққа бара ма? Ал, егер осындай азғындыққа барса, ол адам сау ма жалпы?», — дейді Руслан Өтепбай Instagram-да.