БілімЖаңалықтар

Алматылық мұғалім оқушыны су әкелмегені үшін соққыға жыққан

Алматы облысы, Қарасай ауданының Көліащы ауылында дене шынықтыру мұғалімі оқушыны ұрған бейнежазба көпшілікке тарады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі jagdaikz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Білім басқармасының хабарлауынша, жағдайды тексеру үшін комиссия құрылған және қызметтік тергеу басталды. Мұғалім өзінің кінәсін мойындап, жазбаша түсініктеме берді. Айтынша, ол оқушыны су әкелуге жұмсаған.

Оның өтініші бойынша 4 желтоқсан күнгі бұйрықпен қызметінен босатылған. Ведомство оқушының зардап шекпегенін атап өтті.

Материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button