Жаңалықтар
Алматылық түлек Президенттен Саясат Нұрбекті отставкаға жіберуді сұрады
Фото: КазТаг
Алматылық талапкер Медина Майсар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қызметінен босатуды сұрады, – деп хабарлайды qandastar.kz.
«Сізден конституциялық құқықтарымды және Ғылым және жоғары білім министрлігінің заңсыз әрекеттерімен өрескел бұзылған мыңдаған басқа талапкерлердің құқығын қорғауыңызды сұраймын. Сондай-ақ, өз ведомствосындағы қателікті мойындамай, жағдайды түзетуден бас тартып отырған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті отставкаға жіберуіңізді сұраймын», – дейді Медина Майсар.
КазТаг жазғандай, Мәдина мектепті биыл аяқтап, ҰБТ-ны 119 баллға тапсырған.
«Құқықтану» мамандығы бойынша мемлекеттік грантқа құжат тапсырды, бірақ ала алмады, себебі гранттың 20%-ы төтенше аймақтарға бөлінген квота бойынша кеткен. Медина ол түлектердің өзінен төмен балл жинағанын ескеруді сұрайды.