Жаңалықтар

Алматының әуе кеңістігі жабылып, әскери жағдай енгізілді ме?

Әлеуметтік желіде “әскерилердің қимыл-әрекеттеріне байланысты Алматы қаласының әуе кеңістігі жабылып, әскери жағдай енгізілді” деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы  Qandastar.kz ақпарат порталы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне Қорғаныс министрлігі тарапынан ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Әуе кеңістігін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілерде таралған ақпараттың жалған екендігін естеріңізге саламыз», — делінген хабарда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button