Шоу бизнес

«Альмира себеп емес»: Ақан Сатаев бұрынғы әйелінің сөздерін жоққа шығарды

Белгілі режиссер Ақан Сатаев әлеуметтік желіде бұрынғы жары Назира Бақаеваның берген сұхбатына байланысты ресми пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz.

«Жеке өмір әрдайым көпшілік талқысына түспеуі тиіс деп ойлаймын. Дегенмен, бұрынғы жұбайым Назира тарапынан жасалған күтпеген мәлімдемелерге байланысты, түрлі алыпқашпа сөздер мен шындыққа жанаспайтын ақпараттың таралуына, әсіресе балаларымның төңірегіндегі қысымға жол бермеу үшін, өз тарапымнан түсініктеме беру қажет болды», – деп жазды режиссер.

Ақан Сатаевтың айтуынша, ажырасуға алып келген себептер ресми түрде некенің бұзылуынан әлдеқайда ертерек пайда болған.

«Біздің некеміздің аяқталуына себеп болған жағдайлар нақты бөлек тұра бастаған кезден және заңды ажырасудан бұрын қалыптасты. Бұл тек Назира екеуіміздің арамыздағы жеке түсініспеушіліктер мен қарым-қатынасқа қатысты болды. Үшінші тұлғалардың бұл шешімге ешқандай қатысы жоқ. Біз бұл мәселені бірнеше мәрте талқылап, ортақ келісімге келдік. Әрине, бұл жөнінде балаларымызбен де ашық сөйлестік», – деді ол.

Режиссер ажырасу барысында да, одан кейін де бөгде адамдардың араласпағанын ерекше атап өтті.

«Ажырасуға дейін де, ажырасу кезінде де, одан кейін де Назира бұл жағдайдың себебі ретінде басқа біреуді, соның ішінде Альмираны ешқашан атаған емес», – деп мәлімдеді Сатаев.

Сонымен қатар, ол соңғы айтылған пікірлердің өзі үшін күтпеген жағдай болғанын жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button