Мәдениет

«Алтын алу керек еді»: Ерке сатқан сотуарды алғандар желіде шүйлікті

Фотоколлаж Kyn.kz

Желіде әнші Ерке Есмаханның әшекей бұйымын сатып алғандар шу шығарды. Сатып алуылардың сөзіне сүйенсек, Ерке сатқан сотуар сапасыз болып шыққан, деп жазды qandastar.kz

«Тақпай жатып қарайып кеткен сотуар. 50 мың теңгеге алтын алу керек еді», – деп жазған желі қолданушысы.

«Мен де алған едім, сол күні-ақ қарайып кетті. Ерке үшін өте ұят», «Енді соның ақшасына Швейцария, Франция, Альпі таулары деп жүр дейсің ғой», «Сендер сияқтылардың арқасында Cartier оригинал алады», «Енді кеш, Ерке апам ақшасына қыдырып жүр», «Ерке бар жиған абыройын бір сотуар сатамын деп төге салды ғой. Одан да ән айтып жүре беруі керек еді», – деп жарыса жазғандардың қарасы көп. 

Алайда сапалы сотуар алғандарын жазған желі қолданушылары да бар.

Айта кетейік, өнер жұлдызы әшекей-бұйым терең мағынаға ие екенін, тіпті анадан қызына мұра боп қалатын құндылығы жоғары зат болып қалатынын жазған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close