Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алтын-Емелде қар барысы видеоға түсірілді

Жетісудағы “Алтын-Емел” ұлттық паркінде сирек кездесетін қар барысы камераға ілікті. Мамандар бұл жағдайды экожүйенің жақсы сақталғанының белгісі деп бағалады.

2026 жылғы 18 сәуірде Жетісу өңіріндегі ұлттық парк аумағында сирек кездесетін аң – қар барысы видеоға түсірілді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

“Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Ерлан Молдахметов жоспарлы бақылау барысында ілбісті байқап, оны камераға түсіріп алған.

Қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек жыртқыштардың бірі. Оның табиғи ортада еркін қозғалыста болуы экожүйенің жақсы сақталғанын көрсетеді.

Парк мамандары бұл оқиғаны табиғатты қорғау шараларының тиімді нәтижесі ретінде бағалап отыр. Бұған дейін қар барысы Алматы маңындағы таулы аймақтарда да бірнеше рет байқалған еді.

Back to top button