ЖаңалықтарШоу бизнес

Алтынмен апталған: Атышулы кондитер Тұрсен Алагөзовке торт дайындады

Кондитер Нұршат Ақбергенова белгілі бизнесмен, продюсер Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсен Алагөзовтың ерекше тапсырысы бойынша алты қабатты торт жасағанын айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы кондитердің Tik Tok желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

— Бізге “Цесна” компаниясының 60 жылдығына орай ерекше тапсырыс түсті. Алты қабатты тортты бірде-бір муляжсыз жасадық. Оны ұзақ уақыт бойы дайындадық. Акценттерді ас үйге арналған алтыннан безендірдік. Шара сән-салтанатпен өтті. Әйгілі “Kesh You” тобы өнер көрсетті, — деп бөлісті ол.

Алайда кондитер торттың бағасы туралы жақ ашпады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық бизнесмен Тұрсенғали Алагөзов «Цесна» астық корпорациясының 100 пайыз акциясын сатып алған болатын.

Сондай-ақ, жақында Астана сотында кондитер Нұршат Ақбергенова мен тапсырыс беруші, грек дипломатының әйелі Аселина Батыр арасындағы дау қаралды. Аселина өз туған күніне арналған тортты 600 мың теңгеге тапсырыс бергенімен, оған толық төлем жасамаған. Сот кондитердің жағына өтіп, шешім қабылдаған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button