ЖаңалықтарМәдениет

«Алёшаның қызымын»: Танымал журналист сырымен бөлісіп, елді таңғалдырды

Қазақстандық тележүргізуші, журналист Гүлнәз Әлімгерей өз әкесі жайлы шындықты айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Папамды — Алёша, мені — Гүлназ деп атаған туғанымыздан. Әкеме — Әлімгерей (Әлім руынан), маған — Гүлназия (әжем қойған) деп ерекше есімдер қойылған негізі. Көзімді ашқалы әкемді әріптестері ғана Әлімгерей Сүлейменұлы деп айтатын. Маған ата-анам да, балабақша да, мектеп те, жұмыста да, тұрмыста да ешкім Гүлназия деген емес (бірді-екілі болмаса)) Тек құжат толтырғанда еске түседі. Құдай біледі, азан да шақырылмаған болар — қазір ғой шариғат заңдарын ұстанып жүргеніміз.

Неге әдемі есіміңізді толық айтпайсыз деп сұрайтындар бар?! Осы күнге дейін ешкім былай атамаса, жүріп-жүріп Гүлназия құдағимын десем, «ойпырмай, осылар өзгере қалады» дейтін болар)) Әлде болашақ немерелеріме «әжелеріңнің аты Гүлназия деп үйретсем бе екен?» Гүлназ, Әлімгерей есімдерінің тарихы осындай!», — деп жазды журналист.

Желі қолданушылары тілшінің өз есімі әдемі екенін жазып, қолдау білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button