Жаңалықтар

Алыптарға арналған: Ақтаудағы ерекше аялдама қазақстандықтарды таңғалдырды

Фото: видеодан скрин

Ақтаудағы ерекше аялдама қазақстандықтардың назарын аударды. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат агенттігі 31арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ерекше аялдаманың видеолары әлеуметтік желіде тарады. Жолаушыларға арналған орындықтың биік болғаны сонша орта бойлы адам отыра алмайды.

Жұрттың назарын аудартқан желідегі видеода қала тұрғыны аялдаманың орындығына секіріп әрең мінгенін көруге болады. Себебі, отыратын орынның биіктігі бір метрге жуықтайды.

Қала басшылығы бұл құрылысы аяқталмаған жоба екенін мәлімдеді. Жоспар бойынша заманауи әрі қауіпсіз аялдаманы мердігер компания келесі аптада бітіруі тиіс. Құрылыстың жобаға сай жүргізілуін міндетті түрде тексеріп аламыз дейді шенеуніктер.

“29 шағын ауданындағы аялдаманың орнатылуы жобасының өзгеруіне байланысты қазір қазба жұмыстары мына жерде жүріп жатыр. Қазба жұмыстары біткен соң қайтадан жобаға сәйкес, өз қалпына қайта қойылады. Бұрылысты алып тастап заманауи талапқа сай аялдама орнатылатын болады. Пайдалануға әлі берілген жоқ”, – дейді мердігер компанияның өкілі Әлима Айдарбеков.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close