Жаңалықтар

Америкадағы ірі саяси аккаунттар Ресейден басқарылатын пропаганда болып шықты

Илон Маск басқаратын X платформасында іске қосылған жаңа функция күтпеген жерден саяси талқылауларға шетелдік араласудың ауқымын көрсетіп берді, деп жазады qandastar.kz.

«Бұл аккаунт туралы» атты функция енді парақшаны қай елден басқарылатынын көрсетеді. Демалыс күндері пайдаланушылар көптеген ірі саяси аккаунттардың көпшілігі өздерін жария түрде АҚШ-та орналасқан деп таныстырғанымен, іс жүзінде мүлде басқа елдерден жүргізілетінін анықтады.

The Daily Beast басылымының жазуынша, танымал MAGA-инфлюенсерлердің бір бөлігі шынында Шығыс Еуропа, Нигерия, Үндістан немесе Ресейден жұмыс істейтіні белгілі болды.

Мысалы, өз-өзін «патриоттық дауыс» деп көрсететін, 400 мыңға жуық жазылушысы бар MAGANationX аккаунтының жазбалары Шығыс Еуропадан жарияланады. Ал миллионнан астам жазылушысы бар IvankaNews фан-аккаунтының әкімшілігі Нигерияда орналасқан.

Қызықты деректер басқа елдерге қатысты да табылды: мысалы, X мәліметінше, Vladimir Putin News секілді проресейлік аккаунттар Оңтүстік Азиядан жүргізіледі. Ал өзін Газа секторынан «көрген-білгенін баяндаушы» ретінде таныстыратын кейбір профильдер жазбаларын Индонезия, Пәкістан, Польша немесе Сауд Арабиясынан жариялайтыны анықталды.

Сонымен қатар компанияның өзі мәліметтердің VPN қолданғанда бұрмалануы мүмкін екенін ескертті. ZDF сарапшылары бұл функция ашықтықты арттырғанымен, техникалық тұрғыдан дәл еместігін және жеке деректердің құпиялығына қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті. Себебі X тіпті жеке профильдердің де геодеректерін көрсетеді, ал Facebook, TikTok пен YouTube мұндайдан әдетте аулақ болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button