Әлем жаңалықтары

Америкалық бойжеткен АҚШ-тағы балаларға қазақ тілінен сабақ беруге ниетті

Фото; ашық дереккөз

Америкалық Кэмерон Фар АҚШ-тағы балаларға қазақ тілін үйретуге ниетті, – деп хабарлайды  qandastar.kz Qazaqstan TV арнасына сілтеме жасап.

Америкалық қыздың қазақ тілін үйреніп жүргеніне 1-2 жыл болған. Ол қазақ тілінде сөйлейтін достарын да тауып алған. Оның сүйікті әншісі Димаш Құдайберген болған соң, өзін Айбала Құдайбергенқызы деп таныстырып жүр.

Кэмерон қазіргі уақытта 27 тіл біледі. Оның айтуынша, бір жылда бір тілді үйренеді екен. Ол болашақта 100 тілді үйренгісі келетінін жеткізді.

“Қазақстанға қатты барғым келеді. Шымкент, Қызылорда, Сарыағаш, Алматы, Астана, Ақтөбе сияқты қалаларға барғым келеді. Сонамен қатар мен Қазақстанда тұрғым келеді”, – дейді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close