Жаңалықтар

«Анама ренжідім»: Наркенже Серікбаеваның қызы жазба жариялады

Әнші Наркенже Серікбаеваның қызы Жансая Серікбаева желідегі парақшасында анасымен болған резонанс тудырған мәселе туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Ол анасымен болған жағдай қоғамның басты дертін қозғап, көпшілікке сабақ болғанын айтты.

«Соңғы үш күндегі жағдай бәріңізді селт еткізбей қоймағаны анық. Мен анаммен әрқашан мақтанамын, бұл жолыда ерлік жасап ешкім қозғай алмай жүрген,  қоғамның басты дертін қозғады. Бұл әрине барлық мекеме басшыларына сабақ болғаны сөзсіз.  Барлық әлеуметтік желіде біреуіңіз жақтасаңыздар,  біреуіңіз даттадыңыздар. Анамды мазаққа айналдырып жатыр. Мейлі біз қашанда мықтымыз. Бұл сынақтан да ойнап-күліп, бас көтеріп өтіп кетеміз.

Бұл жағдай бізге кімнің кім екенін танытты, бұрыңғыдан да шыңдай түсті. Біздің қоғамның әлсіз жері де осы басқа біреуді жерден алып, жерге салып табалауға шеберміз.  Мейлі халық не демейді?! Мен бәрін Аллаға тапсырдым. Дегенмен менің көргенім басқа дүние. Анама қолдау көрсету үшін осы мәселе барысында анамның жанынан табылдым», — деді Жансая Серікбаева.

Сондай-ақ ол мсәелені соңына дейін жеткізбей, кешірім бере салғаны үшін анасына ренжігенін жасырмады.

«Жан жақтан белгілі ел ағалары келіп, «Наркенже қарындасым, кешірімді болайық деп екі тарап келісімге келіңдер» дегенде анам көрегендікке салынып, ел ағаларының сөзінен аттап кете алмады. Біздің тарапымыздан кешірім берілді. Негізі бұл жағдай резонанс тудырды. Мен де анама ренжіп:

«Неге кешірдіңіз?  Неге соңына дейін бармадыңыз?» деген сұрақты мен де қойдым.  Сол кезде анам «Саяш, Алладан үлкен емеспіз,  үлкен басымен ел ағалары алдымызға келіп тұрғанда кешірім бермесек, біздің адамгершілігіміз қайда қалды?» деп тоқтатты. Осылай екі жақ ортақ шешімге келдік», — деді әншінің қызы.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close